Көкшетауда Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері пәтерде қамалып қалған ер адамды құтқарды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
1988 жылы туған ер адам ұзақ уақыт бойы байланысқа шықпай жатқандығы туралы хабарлама көршілерінен келіп түскен.
"ТЖМ жедел құтқару жасағының құтқарушылары полиция қызметкерлерімен бірлесіп альпинистік жабдықтарды пайдалана отырып, бес қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің 4-қабатында орналасқан пәтерге кіріп, есікті ашты", - деп жазылған хабарламада.
Құтқарылғаннан кейін 38 жастағы ер адам жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.