Данияр Шамшаев дзюдодан Еуропа кубогінің алтын медалін жеңіп алды

/
Данияр Шамшаев дзюдодан Еуропа кубогінің алтын медалін жеңіп алды
ҰОК

Қазақстан құрамасы дзюдодан Еуропа кубогының кезеңінде үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті.

Данияр Шамшаев (73 келі) алтыннан алқа тақса, Дамир Болатбеков (60 келі) турнирдің күміс жүлдегері атанды. Ал 78 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Толқын Тұрсынақынова қола медальға ие болды.

Дзюдодан Еуропа кубогының кезеңі Хорватияның Дубровник қаласында өтті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар