Семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы әлем кубогының жартылай финалына шықты

/
Семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы әлем кубогының жартылай финалына шықты
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Астана қаласында алғаш рет өтіп жатқан семсерлесуден әлем кубогында командалық сайыс өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан ерлер командасы алғашқы кездесуінде Польшаны (42-41), ал ширек финалда АҚШ құрамасын 45-40 есебімен жеңді. Енді біраздан соң Қазақстан мен Франция финалға берілер жолдаманы сарапқа салады. Екінші жартылай финалда Италия мен Жапония сынға түседі.

Айта кетейік, бүгін әлем кубогының шешуші күні. Жарысты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары