БҚО-да бопсалау және тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

/
БҚО-да бопсалау және тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Фото: БҚО ПД

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында бірқатар ауыр қылмысқа қатысы бар қылмыстық топты қолға түсірді.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер күш қолданамын деп қорқыту, сондай-ақ бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдіру қаупін төндіру арқылы бопсалау әрекеттерін жасаған. 

Соның нәтижесінде олар заңсыз түрде iPhone 15 Pro ұялы телефоны мен ақшалай қаражатты иемденген. 

Бұдан бөлек, кешкі уақытта Ж.Досмұхамедов көшесінде күдіктілердің 80 мың теңге көлеміндегі ақшаны ашық түрде жымқырғаны анықталды. Сондай-ақ олардың бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды. Атап айтқанда, ұялы телефондарды ұрлау және тонау деректері бойынша жауапқа тартылған. Қолға түскендер Орал қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, — деп хабарлады ведомстводан.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары