«ҚазАвтоЖол» елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады

/
«ҚазАвтоЖол» елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады
istockphoto

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

2026 жылғы 28 наурыз сағат 08:00–дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар автожолдардың келесі учаскелерінде көлік қозғалысы ашылды:

Шығыс Қазақстан облысы

• «Өскемен — Семей» автожолы, 12-103-шақырым (Өскемен қаласы — Казачье ауылына бұрылыс — Абай облысының шекарасы).

Абай облысы

• «Өскемен — Семей» автожолы, 103-198-шақырым (Шығыс Қазақстан облысының шекарасы — Семей қаласы).

Жабық жолдар

Ауа райының қолайсыздығына байланысты келесі автожолдарда қозғалыс шектелді:

Қостанай облысы

• «Мариновка ауылына кіреберіс» автожолы, 0-9-шақырым аралығы. (Су тасқыны салдарынан жолдың 70 метр бөлігін су басып, биіктігі 20 см-ге жеткен. Сонымен қатар Ресейдегі жолдардың жабылуына байланысты шектеу қойылды).

Солтүстік Қазақстан облысы

• «Тимирязево — Сарыкөл — Қостанай облысының шекарасы» автожолы, 0-30-шақырым аралығы (Тимирязево ауылы — Қостанай облысының шекарасы).

Павлодар облысы

• «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолы («Қалқаман» жол айырығынан Қалқаман кентіне кіреберіс және Астана бағытына шығатын учаске).

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысындағы Осинов асуында (46-66-шақырым аралығы, Северный ауылына бұрылыс — Серебрянск қаласына бұрылыс) тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысы шектелді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары