Қазақстандық спортшы әртістік жүзуден Парижде әлем кубогі кезеңінің қола жүлдегері атанды

/
Қазақстандық спортшы әртістік жүзуден Парижде әлем кубогі кезеңінің қола жүлдегері атанды
ҰОК

Парижде (Франция) өтіп жатқан әртістік жүзуден әлем кубогының екінші кезеңінде Қазақстан құрамасы алғашқы медалін жеңіп алды. Қазақстан қоржынына жүлдені Виктор Друзин әкелді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Техникалық бағдарламада Виктор Друзин 226.6050 ұпай жинап, қола жүлдегер атанды.

Бірінші орынды 245.4900 ұпаймен Қытай өкілі Го Муе иеленді. Ал Ұлыбритания спортшысы Ранджуо Томблин 238.9359 ұпай жинап, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Тағы бір қазақстандық спортшы Эдуард Ким 225.3225 ұпаймен төртінші орын алды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары