Әлеуметтік желі қолданушыларын «жаппай аңду»: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы мәлімдеме жасады

/
Әлеуметтік желі қолданушыларын «жаппай аңду»: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы мәлімдеме жасады
istockphoto

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ҚМА тарапынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлер қолданушыларын "жаппай аңду" туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желілерде ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі тарапынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді пайдаланушыларды "жаппай аңду" туралы тарап жатқан негізсіз ақпараттарды анықтаған.

"Іс жүзінде агенттік ұсынған интернеттегі тыйым салынған контенттің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі қағидалар тек ашық әрі жалпыға қолжетімді деректерді (қаржы пирамидаларын жарнамалауға, онлайн-казинолар мен заңсыз лотереяларды насихаттауға қатысты жарияланымдар мен репосттарды) мониторингілеуге бағытталған.

Аталған қағидаларда азаматтардың жеке хат алмасуына ешқандай мониторинг жүргізу көзделмеген. Бұл туралы агенттіктің өзі де бірнеше рет ресми түсініктеме берген болатын.

Осылайша, жеке хабарламаларды "бақылау" туралы мәлімдемелер шындыққа жанаспайды және қоғамды әдейі жаңылыстыру болып табылады", - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары