Шахтинскте пәтерге өрт қойды деген күдіктіні ұстаған сәттен видео жарияланды

/
Шахтинскте пәтерге өрт қойды деген күдіктіні ұстаған сәттен видео жарияланды
istockphoto

Желіде Шахтинск қаласында пәтерге әдейі өрт қойды деген 40 жастағы күдіктінің ұсталған сәтінен видео жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz Қарағанды облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі Instagram желісіндегі парақшасында Шахтинск қаласында пәтерге өрт қойды деген күдікке ілінген 40 жастағы ер адамды ұстаған сәттен видео жариялады. Полиция мәліметінше, ол көпқабатты үйде газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан.

"Тәртіп сақшылары тұрғындарды эвакуациялау кезінде жарылыс қаупіне қарамастан батыл әрекет етті. Күдікті құрықталды, бірақ өрт салдарынан 5 полиция қызметкері жарақат алып, ауруханаға түсті", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Күдікті күзетілетін палатаға жатқызылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары