23 наурыз – «Тазару күні»: Қазақстан бойынша ауқымды эко-акция өтеді

/
23 наурыз – «Тазару күні»: Қазақстан бойынша ауқымды эко-акция өтеді

Ертең, 23 наурызда «Таза Қазақстан» жалпы республикалық акциясы аясында, еліміздің барлық аймақтарында Наурызнама шеңберінде «Тазару күніне» орайластырылған аумақтарды тазарту бойынша эко-акция өткізіледі, деп хабарлайды turkystan.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
 
«Тазару күні» - бұл қоғам табиғи жерлер мен қоғамдық аумақтарды қоқыстардан тазартуға күш салатын күн. Бұл қоршаған ортаны таза етудің жолы ғана емес, сонымен қатар табиғатқа қамқорлық пен экологиялық жауапкершіліктің маңыздылығын көрсетеді. Тазару күнінде «Мөлдір бұлақ», «Таза өлке», су айдындарын тазалау және ағаш отырғызу шаралары өткізіледі.

Біз барлық азаматтарды белсенді қатысуға және таза қоршаған орта үшін күреске өз үлестерін қосуға шақырамыз, делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары