«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
Ұлттық компанияның мәліметінше, мына жолдарда барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелді:
Ақмола облысы
• «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы» автожолы, 346-407-шақырым аралығы (Жақсы кенті – Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысы
• «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай –РФ шекарасы» автожолы, 407-429-шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы – Чистополье ауылы);
• «Тимирязево – Сарыкөл – Қостанай облысының шекарасы» автожолы, 0-30-шақырым аралығы (Тимирязево ауылы – Қостанай облысының шекарасы).
Павлодар облысы
• «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесі (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол).
Шығыс Қазақстан облысы
• Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы – Серебрянск қаласы) учаскесінде қысқы маусым аяқталғанша сақталады.
Наурыз мейрамына байланысты уақытша шектеулер
2026 жылғы 21 наурыз күні сағат 08:30-дан бастап Наурыз мерекелік іс-шараларының өткізілуіне байланысты:
• «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» республикалық маңызы бар автожолының 701-706-шақырым аралығы (Новоишимское ауылының ішінде) бөлігінде барлық көлік түрлеріне қозғалыс уақытша шектелді. «Саумалкөл – Казанка – Новоишимское – Червонное» автожолы арқылы (Новоишимское ауылын айналып өту) айналып өтуге болады.