Атырауда алаяқтық жасады деген күдікпен екі әйел ұсталды

/
Атырауда алаяқтық жасады деген күдікпен екі әйел ұсталды
Видеодан скриншот

Атырау қаласында алаяқтық жасады деген күдікпен екі әйел ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полиция мәліметінше, күдіктілердің жасы 37 және 43-те. Олар 2025 жылдың қазан айынан 2026 жылдың наурыз айына дейін қала тұрғындарын жүйелі түрде алдап келген.

Әйелдер интернет желісіндегі техника жалға беру туралы хабарландыруларды тауып, иелерінің сеніміне кірген. Мүлікті уақытша пайдалануға аламыз деген сылтаумен түрлі техниканы алып, кейін оларды ломбардтарға өткізіп отырған.

Түскен қаражатты өзара бөлісіп, жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша 25 эпизод тіркеліп отыр. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Полиция департаменті тұрғындарды алаяқтық әрекеттерден сақ болуға шақырады.

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдайларға тап болмас үшін:

мүлікті бейтаныс адамдарға құжатсыз бермеу;

міндетті түрде жалға беру туралы келісімшарт жасау;

жалға алушының жеке басын тексеру;

кепілақы талап ету;
тек сенімді платформаларды пайдалану қажет.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары