Жыл басынан бері интернет алаяқтық саны 8,3%-ға төмендеген

/
Жыл басынан бері интернет алаяқтық саны 8,3%-ға төмендеген
istockphoto.com

Бас прокуратура интернет-алаяқтыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыс қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылдың 2 айында интернет-алаяқтықтар саны 8,3%-ға төмендеген (4 385-тен 4 023-ке дейін).

Қылмыстық жауаптылыққа 913 құқықбұзушы тартылған.

Кибералаяқтықтарды ашу көрсеткіші 29%-ға өсті (36,5%-дан 66%-ға дейін), келтірілген залалды өтеу деңгейі 57%-ды құрады (3,4 млрд теңгенің 1,9 млрд теңгесі өтелді).

Дропперлік схемаларды анықтау бойынша белсенді жұмыс жалғасуда.

Дропперлік үшін жауапкершілік енгізілген сәттен бастап Қылмыстық кодекстің 232-1-бабы (Банктік шотқа, төлем құралына немесе сәйкестендіру құралына қолжетімділікті заңсыз ұсыну, беру және алу, сондай-ақ төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын заңсыз жүзеге асыру) бойынша 400-ден астам іс тіркеліп, оның 66-сы сотқа жолданды.

Сонымен қатар, алаяқтар пайдаланатын SIM-карталар мен WhatsApp аккаунттарын белсендірушілердің қызметі тоқтатылуда.

Мәселен, биылғы жылдың ақпан айында Батыс Қазақстан облысында алаяқтарға көмектескен тұлға 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол өз атына мыңнан астам SIM-картаны рәсімдеп, оларды қылмыстық мақсатта пайдалану үшін алаяқтарға берген.

Сондай-ақ «сұр провайдерлерге» ерекше назар аударылуда, олар алаяқтарды виртуалды байланыспен қамтамасыз етеді.

Мысалы, осы жылдың қаңтар айында Қостанай облысында жалған байланыс операторының технигі шетелдік алаяқтық колл-орталықтарға IP-телефония қызметін көрсеткені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жалпы, бүгінгі таңда жұмыстың негізгі қағидаты – тек орындаушылар мен ұйымдастырушыларға ғана емес, сонымен қатар киберорта мен қылмыс жасауға жағдай жасайтын факторларға да ықпал ету болып табылады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары