Қайғылы оқиға 17 наурыз күні таңертең Омбы айналма жолы маңында болған. Мәліметтерге сәйкес, "СК РЭК" АҚ-ның төрт қызметкерден құралған бригадасы нысанға жоспарлы тексеріс жүргізу үшін барған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Екі жұмысшы қосалқы станцияға кірген сәтте, белгісіз себептермен жас электр слесарі тоқ соққысына ұшырап, есінен танып құлаған. Өкінішке қарай, ол жедел жәрдем жеткенше қайтыс болған.
Компания марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтып, қажетті көмек көрсетілетінін хабарлады.
Аталған факті бойынша полиция еңбек қауіпсіздігі талаптарын бұзу белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.