Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов елге оралды

/
Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов елге оралды
Паралимпиада

Ербол Хамитов Астанаға оралды. Астана әуежайында спортшыны туған-туыстары, жанкүйерлері және спорт қауымдастығының өкілдері қарсы алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Италияда өткен 2026 жылғы қысқы Паралимпиадада қазақстандық спортшы парабиатлоннан алтын медаль, ал шаңғы жарысынан қола жүлде жеңіп алды. Осылайша, ол ойындар бағдарламасының екі түрі бойынша жүлдегер атанған алғашқы қазақстандық спортшы болды.

Ербол Мырзабосынов әуежайда сөйлеген сөзінде бұл жетістік тек спортшының ғана емес, оның жаттықтырушылары мен командасының ортақ еңбегі екенін атап өтті.

Спортшының жетістігін бағалау мақсатында оған Астанадан екі бөлмелі пәтер сертификаты табысталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары