Қостанайда әйелдің үстіне бензин құйып, өртеп жіберген ер адамға үкім шықты

/
Қостанайда әйелдің үстіне бензин құйып, өртеп жіберген ер адамға үкім шықты
istockphoto.com

2025 жылдың тамыз айында сотталушы Қостанай ауданындағы саяжай учаскесінің аумағында болған. Жәбірленуші әйелмен жанжал кезінде ол әйелдің үстіне бензин құйып, өртеп жіберген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Соның салдарынан жәбірленуші денесінің 30–35% бөлігін термиялық күйік шалып, бұл өмірге қауіпті белгісі бойынша денсаулыққа келтірілген ауыр зиян ретінде бағаланған.

Сотталушы өз кінәсін мойындап, жазаны бап санкциясының ең төменгі шегінде тағайындауды сұрады.

Сот жеңілдететін мән-жай ретінде сотталушының кәмелетке толмаған баласының бар екенін ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот оны 5 жылға бас бостандығынан айырды. Жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Сонымен қатар, сот жәбірленушінің материалдық шығын мен моральдық зиянды өндіру туралы талабын қанағаттандырды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары