Шымкентте Конституция жобасы бойынша өтіп жатқан республикалық референдумға бақылаушы ретінде қатысып отырған Нилуфар Шасеитова қала тұрғындарының дауыс беру процесіне қатысу деңгейі жоғары екенін атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Өзім бақылаушы болып отырған № 235 сайлау учаскесінде дауыс беру процесі өте белсенді жүріп жатыр. Дауыс берушілердің патриоттық сезімі басым екенін байқауға болады. Әсіресе, жасы үлкен ата-әжелердің белсенді қатысып жатқаны көңіл қуантады. Сондай-ақ жұмысынан арнайы келіп, дауыс беріп жатқандар да жетерлік. Дәл қазіргі уақытта 264 адам дауыс беріп үлгерді. Комиссия мүшелері заң мен тәртіптің сақталуын қатаң бақылап отыр. Бюллетень парақтарын толтыру тәртібі, уақыты, қасында басқа азаматтардың болмауы, сайлаудың ашық, әділ өтуі – бәрі басты назарда», – дейді бақылаушы
