Астанада мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқуға ауыстырылды

/
Астанада мектеп оқушылары мен колледж студенттері қашықтан оқуға ауыстырылды
ашық дереккөз

Астанада қатты аяз бен екпінді желге байланысты мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің сабағы қашықтан оқу форматына ауыстырылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы Астана қаласының Білім басқармасы хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 11 наурыз күні бірінші ауысымда оқитын 0–11 сынып оқушылары, сондай-ақ колледждердің 1–2 курс студенттері онлайн форматта білім алады. Мұндай шешім қолайсыз ауа райына байланысты қабылданған.

Синоптиктердің болжамынша, елордада ауа температурасы −29°C-қа дейін төмендеуі мүмкін, ал желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар