Зарина Кәрмен «Құрмет» орденімен марапатталды

/
Зарина Кәрмен «Құрмет» орденімен марапатталды
Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ақордада өткен кездесуде белгілі актриса, «Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры» РМҚК әртіс, Кәрмен Зарина Мұхтарқызын «Құрмет» орденімен марапаттады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Зарина Кәрмен 1989 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

2004 — 2007 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының колледжін «музыкалық театр актрисасы» мамандығы бойынша бітірген.

2007—2011 жылдары Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын «кино және театр актрисасы» мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтаған.

2011 жылы М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданған.

Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар