Жоғарғы соттың үш судьясы қызметінен босатылды

/
Жоғарғы соттың үш судьясы қызметінен босатылды
Фото: sud.gov.kz

Сенат Жоғарғы соттың бірнеше судьясын қызметінен босатты. Бұл туралы Сенат аппаратының басшысы Максим Споткай мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Президенттің ұсынысы бойынша Сенат депутаттары Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты судьяларын қызметінен босатуға дауыс берді.

Олар:

Асқаржан Кәпезұлы Кенжеғарин

Ғазиза Шамшидинқызы Мұсабекова

Бейбіт Бекмұхаметұлы Шермұхаметов

Бұл мәселе бұған дейін Сенаттың тиісті комитетінде алдын ала қаралған.

Асқаржан Кәпезұлы Кенжеғарин 2017 жылғы 12 қазанда Сенат қаулысымен Жоғарғы сот судьясы болып сайланған. Ол қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының құрамында болған.

Ғазиза Шамшидинқызы Мұсабекова 2015 жылғы 10 желтоқсанда Сенат қаулысымен Жоғарғы сот судьясы болып сайланған. Ол да қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының құрамында қызмет атқарған.

Бейбіт Бекмұхаметұлы Шермұхаметов 2015 жылғы 26 ақпанда Сенат қаулысымен Жоғарғы сот судьясы болып сайланған. Ол да қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының құрамында болған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары