Атырау облысының Құрманғазы ауданында ер адам 2025 жылдың қыркүйегінде жәбірленушінің үйіне жиі келіп, терезесінен сығалаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әйел шамадан тыс назарға шыдай алмай, құқық қорғау органына жүгінген.
Әйелдің психологиялық жағдайына елеулі зиян келтірген «ынтызардың» аңду әрекетін сот заңсыз деп танып және оған 200 сағат қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады.
Еске сала кетсек, 2025 жылдың шілдесінен кез-келген адамның еркінен тыс қарым-қатынас орнатуға тырысу (егерде бұл зиян келтірсе) қылмыс болып саналады.
ҚР ҚК 115-1-бабының ең ауыр жазасы ретінде: қамауға алу 50 тәулік, айыппұл 200 АЕК, қоғамдық немесе түзеу жұмыстары көзделген.