Павлодарда жыныстық зорлық туралы қылмыстық іс күтпеген жағдаймен аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
2025 жылдың қазан айында қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот 35 жастағы ер адамды 22 жастағы қызды жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін 5 жыл 2 айға бас бостандығынан айырды.
Алайда сот отырыстарының бірінде жәбірленуші өз айғақтарын өзгертіп, бәрі екі жақты келісіммен болғанын мәлімдеді.
Нәтижесінде қызға қатысты жалған куәлік бергені үшін қылмыстық іс қозғалды. Ол мұндай қадамға қорыққандықтан барғанын айтты. Оның айтуынша, айыпталушының достары мен туыстары қоқан-лоққы жасап телефон соққан.
Сот оны кінәлі деп танып, 5 жылға шартты жаза тағайындады.