Ер адам автокөлікті беру туралы рұқсат қағазын көрсеткен, алайда полицейлер оның түпнұсқалығына күмән келтірген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тексеру барысында құжаттағы мөрдің жалған екені анықталған.
Көлік 2025 жылдан бері мас күйінде көлік басқарғаны үшін айыппұл тұрағында тұрған. Сондай-ақ, 2018 жылдан бастап аталған автокөлік Ресейде іздеуде жүргені белгілі болды.
Жалған құжатты пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сараптамалар тағайындалды, олардың қорытындысы бойынша заңға сәйкес шешім қабылданады.
Полицейлер жүргізушілерге мәселелерді заңсыз жолмен шешпеуге шақырады. Заңды айналып өту әрекеттері заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.