Шығын – 40 млн теңге: Павлодарда мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

/
Шығын – 40 млн теңге: Павлодарда мал ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
polisia.kz

Павлодар облысында полиция мал ұрлаумен айналысқан 9 күдіктіден тұратын қылмыстық топты ұстады. Олардың төртеуі қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, өткен күзде күдіктілер жайылымнан мал ұрлаған. Кейін малды сойып, етін өткізген.

- Келтірілген материалдық шығын 40 млн теңгеден асты. Сонымен қатар олардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы тексерілуде. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда, – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Жаслан Танжанов.

Бұдан бөлек, полиция ветеринарлық қызметпен бірлесіп, мал мен ет өнімдерін тасымалдау бойынша тұрақты түрде тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Мамандар жайылымдарды және қараусыз жүрген малды, сондай-ақ сауда нүктелерін, базарларды, сою пункттерін және мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын көліктерді тексеруде.

Бұл ретте мал айналымының заңдылығын растайтын құжаттарға және ветеринарлық талаптардың сақталуына ерекше назар аударылады.

Полиция мал иелерін қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырады. Ұрлық деректерінің басым бөлігі қараусыз және тіркелмеген малға қатысты тіркелуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары