Араб елдерінен қанша қазақстандық турист елге қайта алмай отыр?

/
Араб елдерінен қанша қазақстандық турист елге қайта алмай отыр?
istockphoto.com

Таяу Шығыс елдерінде қанша қазақстандық бар? Оларға қандай көмек көрсетілуде? «Туристік Қамқор» қорының басшысы Инна Рей араб елдерінде жүрген қазақстандықтардың қазіргі жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Рейдің айтуынша, Қатарда шамамен 1 мыңға жуық қазақстандық, ал Біріккен Араб Әмірліктерінде 3 мыңға тарта азамат бар. Сондай-ақ Мекке мен Медина қалаларында 200-ге жуық адам қалып отыр.

«Білетіндеріңіздей, үш күн бұрын болған оқиғаларға байланысты қазақстандық туристердің бір бөлігі уақытша бірнеше елде қалып қойды. Олардың барлығы “Туристік Қамқор” қоры мен туроператорлардың үйлестіруімен қонақүйлерге орналастырылды. Ешкім далада қалған жоқ, барлығы бақылауда», – деді қор басшысы дүйсенбі күні журналистермен өткен Zoom-конференцияда.

Оның айтуынша, Сауд Арабиясында 200-ден астам қазақстандық турист бар.

«Олардың барлығы да қонақүйлерге орналастырылған, қажетті жағдайлар толық қамтамасыз етілген», – деп атап өтті спикер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары