Щучинскідегі өрттен зардап шеккендер Астанаға жеткізіледі

/
Щучинскідегі өрттен зардап шеккендер Астанаға жеткізіледі
ашық дереккөз

Щучинскідегі өрттен зардап шеккен екі адам санитарлық авиациямен Астанаға тасымалдауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Щучинскідегі адам өліміне әкелген өрттен зардап шеккендер облыстағы медициналық мекемелерде жатыр. Соның ішінде он адам жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр және аса ауыр деп бағалап отыр. Тағы үш адам травматология бөлімінде ем қабылдауда, сегіз адамға амбулаториялық көмек көрсетілуде.

«Өкінішке қарай, жеті адам қаза тапты, олардың бірі – қыз бала. Бесеуі медициналық көмек келгенге дейін көз жұмды, екеуі – стационарда. Қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Қазір 13 науқас стационарда жатыр. Қажетті көмектің барлығы толық көлемде көрсетіліп жатыр. Жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында», – деп пікір білдірді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Алия Рүстемова.

Қазіргі уақытта мамандар өрт-техникалық сараптама жүргізіп, өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар