Ақтөбе облысында оқушының жүкті болуына қатысты іс қозғалды

/
Ақтөбе облысында оқушының жүкті болуына қатысты іс қозғалды
ашық дереккөз

Ақтөбе облысының полициясы Темір ауданының кәмелетке толмаған тұрғынына қатысты жыныстық қатынас жасалу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Диапазон» басылымының мәліметінше, қазіргі уақытта жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

«Тергеу барысы облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауында», – делінген хабарламада.

Ақтөбе облысының білім басқармасында оқушы қыздың қазір сабаққа қатыспайтынын растады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, қыздың отбасылық жағдайы жақсы әрі оқуында жақсы нәтижелер көрсетіп жүрген.

Ал кәмелетке толмаған оқитын мектеп әкімшілігі оқиға болғанын жоққа шығарып, мұндай фактілердің болмағанын мәлімдеді. Соған қарамастан, тергеу ашылған қылмыстық іс аясында болған жайттың барлық мән-жайын анықтауды жалғастырып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар