Үш оқушы мектептегі балаларға буллинг жасаған: Ата-аналарына айыппұл салынды

/
Үш оқушы мектептегі балаларға буллинг жасаған: Ата-аналарына айыппұл салынды
istockphoto.com

Сот кәмелетке толмағандарға буллинг жасағаны үшін үш ата-ананы жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жамбыл облысының  Мойынқұм аудандық соты «Кәмелетке толмаған адамды жәбірлеу» (буллинг, кибербуллинг) бабы бойынша қозғалған істі қарады.

2025 жылдың желтоқсан айында Мойынқұм ауданы Жамбыл ауылындағы орта мектептің 3 кәмелетке толмаған оқушысы жүйелі түрде мектеп оқушыларына қысым көрсетіп, оларды әртүрлі жұмыстарды орындауға тарту арқылы буллинг (оның ішінде кибербуллинг) әрекеттерін жасаған.

Сотта үш баланың ата-аналары кінәларын мойындап, кешірім сұрап, болашақта мұндай жағдайларға жол бермейтіндерін түсіндірді.

Жәбірленуші оқушылардың ата-аналары да істің барлық мән-жайын мойындап, жауапкершілікке тартуды сұрады.

Құқық бұзушылықтың сипатын, құқық бұзушылардың жеке басын және жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот әрбір ата-анаға 10 АЕК мөлшерінде (43 250 теңге) айыппұл тағайындады.

Қаулылар заңды күшіне енді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар