Мемлекеттік грант арқылы білім алған студент оқу ақысын қайтаратын болды

/
Мемлекеттік грант арқылы білім алған студент оқу ақысын қайтаратын болды
istockphoto.com

Жамбыл облысының Талас аудандық соты Астана қаласы білім басқармасының азамат Т-ға қатысты жергілікті бюджет қаражаты есебінен оны оқытуға жұмсалған қаражатты өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот 2018 жылы білім басқармасы, университет және жауапкер арасында жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру қызметтерін көрсету туралы үшжақты шарт жасалғанын анықтады. Грантта оқыған түлек оқуды аяқтағаннан кейін жергілікті атқарушы органның жолдамасы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс істеуге не оны орындамаған жағдайда оқу шығындарын өтеуге міндетті болған.

Жауапкер 2021-2025 жылдар аралығында «География» мамандығы бойынша білім алып, жоғары білім туралы диплом алған. Алайда, уәкілетті органның жолдамасы бойынша жұмысқа орналасу бойынша міндеттеме орындалмады.

Оқу орнының мәліметтеріне сәйкес жауапкерді оқытуға 4,6 млн теңге бөлінген, оның 1,7 млн теңгесі – оқу құны, ал 2,8 млн теңгесі – төленген стипендия сомасы. Талап қоюшы стипендияны қоспағанда, тек оқу шығындарын өндіріп алуды сұрады.

Сотта жауапкер қарызын мойындап, оны кезең-кезеңімен өтеуге мүмкіндік беруді сұрады.

Сот мәлімделген талаптардың заңдылығы мен негізділігі туралы қорытындыға келді.

Сот шешімімен жауапкерден білім басқармасының пайдасына 1,7 млн теңге, сондай-ақ мемлекет кірісіне мемлекеттік баж өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары