Қазақстанда қанша қала бар?

/
Қазақстанда қанша қала бар?
Ұлттық статистика бюросы

Қазақстанда 90 елді мекен қала мәртебесіне ие. Оның ішінде 39 қала - облыстық маңызы бар, 48 қала - аудандық маңызы бар, ал 3 қала - республикалық маңызы бар қалалар санатына жатады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өңірлер бөлінісінде қалалардың ең көп саны Ақмола облысында - 11 бірлік. Сондай-ақ Ақтөбе және Қарағанды облыстарында - әрқайсысында 8 қаладан бар.

2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдің әкімшілік-аумақтық құрылымында 195 аудан, 29 кент, 2 157 ауылдық округ және 6 096 ауыл тіркелген.

Республика бойынша аудандардың ең көп саны Ақмола облысында - 17 бірлік, кенттердің ең көбі Қарағанды облысында - 8 бірлік. Ауылдардың ең көп саны Түркістан облысында тіркелген - 794 бірлік.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары