Қостанай облысында негізсіз бөлінген 66 млн теңге субсидия қайтарылды

/
Қостанай облысында негізсіз бөлінген 66 млн теңге субсидия қайтарылды
istockphoto.com

Қостанай облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы тексеру жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның нәтижелері бойынша негізсіз субсидиялау фактілері анықталды. Балық питомниктеріне заңда көзделмеген шығыстар өтелді. 

Прокуратура өзінің қадағалау актісімен облыс әкімдігін 66 млн теңге негізсіз субсидияларды өндіріп алу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге міндеттеді. 

2026 жылғы 28 қаңтарда Қостанай облыстық сотының сот алқасы талап-арыздарды қанағаттандырды, сот актісі заңды күшіне енді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары