Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 491,97 теңгені құрап, 3,76 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 16 ақпандағы ресми доллар бағамы – 496 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 492,26 теңге, сату бағамы – 494,29 теңге. Астана қаласында долларды орта есеппен 490,07 теңгеден сатып алып, 497,07 теңгеден сатуда. Шымкент қаласында долларды орта есеппен 492,87 теңгеден сатып алып, 494,12 теңгеден сатуда.
Еске салсақ, 2 ақпанда күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 3,93 теңгеге өсті, 3 ақпанда 1,73 теңгеге төмендеді, 4 ақпанда 4,4 теңгеге төмендеді, 5 ақпанда 3,36 теңгеге төмендеді, 6 ақпанда 0,13 теңгеге төмендеді, 9 ақпанда 0,1 теңгеге өсті, 10 ақпанда 2,64 теңгеге төмендеді, 11 ақпанда 1,31 теңгеге төмендеді, 12 ақпанда 3,22 теңгеге өсті, 13 ақпанда 1,49 теңгеге өсті.