Қарағанды облысындағы ауруханада құрттап кеткен тамақ берілген

/
Қарағанды облысындағы ауруханада құрттап кеткен тамақ берілген
Скриншот

Қарағанды облысының жұқпалы аурулар ауруханасында құрттап кеткен тамақ берілген, деп хабарлайды turkystan.kz.

КТК телеарнасының мәліметінше, тұрғындардың бірі құрттаған күрішті таспаға түсіріп, оны әлеуметтік желіде жариялады.

Видеоны ауруханада жатқан баланың анасы түсірген. Онда науқастарға берілген күріштің ішінде тірі жәндіктер жүргені көрсетілген. Аталған жайт желі қолданушыларының наразылығын туғызды. 

Аурухана басшылығының айтуынша, бұл жайт сол күні анықталыпты. Келген тамақтың партиясы тоқтатылып, аурухананы тамақтандыруға тендер жеңіп алған компанияның өкілі шақыртылған. 

«Тексеру жүргізілді. Тамақтану партиясы толық ауыстырылды. Ақпаратты тексеру және шара қабылдау үшін жауапты қызметке ақпарат жіберілді. Науқастардың тамақтану сапасы мен қауіпсіздігі – аурухана жұмысының басым бағыттарының бірі», – дейді Қарағанды облысы клиникалық ауруханасының бас медбикесі Динара Әлдиева.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары