Газ құю стансаларында қауіпсіздік талаптары күшейтіледі

/
Газ құю стансаларында қауіпсіздік талаптары күшейтіледі
istockphoto.com

Қазақстанда газ құю стансаларында қауіпсіздік талаптары күшейтіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мәжілістің баспасөз қызметінің мәліметінше, газбен қамту мәселелері бойынша мақұлданған түзетулер аясында жергілікті атқарушы органдарға автогаз құю стансаларының шекті санын белгілеу жөнінде өкілеттік беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, заң жобасында көгілдір отын бекеттерінде қауіпсіздік деңгейін арттыру шаралары қарастырылған. Атап айтқанда, жаңадан ашылатын автогаз құю стансаларын ауқымды ыдыстарды жер астына орналастыруға міндеттеу, ал жұмыс істеп тұрған стансаларды 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін осы ыдыстарды жер астына көшіруді міндеттейтін өтпелі кезең белгілеу ұсынылады. Сондай-ақ, көлік құралдары мен тұрмыстық газ баллондарын заңнамада белгіленген орындардан тыс жерде толтыруға тыйым салынады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары