Түркістан облысында құтқарушылар 29 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өзен тасып, демалыс орнынан баратын жолды су шайып кетткен.
«Түркістан облысы Абай ауылында Жаңақорған өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты демалыс орындарының бірінде қатты жауын-шашыннан кейін топырақ жолы шайылды. Адамдар қауіпсіз жолдан айырылып қалды», – делінген хабарламада.
Судың ағысы қатты болғандықтан, азаматтар жолдың бұл бөлігін өз бетімен кесіп өте алмай қалған. Құтқарушылар жолдың қираған бөлігінен өткел ұйымдастырып, 29 адамды, оның ішінде сегіз баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады.
Барлық эвакуацияланғандар Түркістан қаласына жеткізілді. Ешкім медициналық көмекке жүгінбеген.