Қазақстан арнайы жасақтары командаларының Дубай қаласында (БАӘ) өтіп жатқан UAE SWAT Challenge сайысындағы жеңісті жолы бүгін де жалғасты. Төрт күннің нәтижесі бойынша, төрт командамыз үздік ондыққа енді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Мұнараға шабуыл» атты төртінші кезеңде біздің екі құрама жеңіс тұғырына көтерілді: «Kazakhstan В» алтын жүлдегер атанды, ал «Kazakhstan С» үшінші орынды жеңіп алды.
109 команда арасында бесінші орында «Kazakhstan А» құрамасы. Әйелдер арасында тағы да үздік шыққан «Tomiris» қыздар командасы ондаған ерлер құрамаларын артта қалдырып, турнир кестесінде 18-ші орында тұр.
Төрт кезең нәтижесі бойынша біздің құрамаларымыз озып тұр. «Kazakhstan С» - ең жоғарғы ұпаймен UAE SWAT Challenge алтынынан үміткер. Төрт күнгі жетістігімен екінші орында «Kazakhstan А» сенімді тұр. «Kazakhstan В» мен «Tomiris» турнир кестесінің 12 және 13 орнында.
Элиталық турнирдің бір кезеңі ғана қалды. Жеңімпаздар ертең, бесінші кезең қорытындысына және жалпы ұпай санына қарай анықталады.
Құрамаларымыздың елімізге «Арнайы жасақ олимпиадасы» жүлделерімен оралуын тілейміз. Алға, Қазақстан!