Әнші Ерке Есмаханның кітап оқып отырған суреті сынға ұшырады

/
Әнші Ерке Есмаханның кітап оқып отырған суреті сынға ұшырады
коллаж: turkystan.kz

Ерке Есмахан әлеуметтік желудегі жазбасына пікір қалдырған желі қолданушысына қыңыр жауап қатқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол «Расымен осылай кітап оқисыңдар ма? Әлде әдейі фото үшін бе?», – деп жазған желі қолдауншысының қатеге толы жазбасына жауап берді. 

Бұл мәтінде кітап сөзі «китеп» деп жазылған. 

«Китеп оқымаймын. Кітап оқимын, расымен», – деп мұқатты әнші жанкүйерін. 

Сондай-ақ ол желіде суреттерден бөлек, арнайы жазба да қалдырған.

«Уақыттың зымырауын байқайсыздар ма? Батырды кеше ғана босанған сияқты едім, ертең 8 айға толайын деп отыр. Шүкір! Жыл өтіп, Қасиетті Рамазан айына да жетіп қалдық. Көзді ашып-жұмсақ, жайма-шуақ жаздың да ауылы алыс емес секілді. Сол үшін әр сәтті сезініп, уақытымызды бағалап, ойымызды саралап, мәнді, сәнді, бақытты ғұмыр кешейік!», – деп жазды ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары