Көпшіліктің ұсынысы негізінде Конституция жобасына қосымша нормалар енгізілді – Нұрмұханов

/
Көпшіліктің ұсынысы негізінде Конституция жобасына қосымша нормалар енгізілді – Нұрмұханов
Конституциялық сот

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов ақыт Нұрмұханов Жаңа Конституция жобасына меншік түрлерін толық тану және адам құқықтары мен бостандықтарының абсолютті сипатын күшейтуге бағытталған бірқатар маңызды нормалар ұсынылғанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Жаңа Конституция жобасына жаңа нормалар енгізілді.

Бірінші, Конституция жобасының 8-бабында: «Меншіктің екі нысаны танылады және тең қорғалады» делінген. Ол – мемлекеттік және жекеменшік. Көптеген ұсыныста бұл нормада барлық меншік нысандарын қамтымайтынына алаңдаушылық білдірген.

Осы орайда аталған баптың 1-тармағы мынадай редакцияда ұсынылады: «Қазақстан Республикасында барлық меншік түрі танылады. Олар кепілдік беріледі тең қорғалады».

Екінші, жобаның 14-бабы адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің жалпы мәселелеріне арналған. Оның ережелері: Осы саладағы жалпы бірдей танылған халықаралық актілердің қағидаттарына, адамның табиғи құқықтары тұжырымдамасына негізделеді.

Аталған баптың 2-тармағында: «Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан тиесілі. Олар абсолютті және оны ешкім айыра алмайды» деп көрсетілген.

Көптеген азамат пен маман бұл норманы күшейтуді ұсынып отыр. Ол үшін оған «Адам құқықтары мен бостандықтары, Қазақстан Республикасының заңнамасының мазмұны мен қолданылуын айқындайды» деп қосуды сұрайды.

Аталған ұсыныстарды ескере отырып, бұл тармаққа келесідей реадкциясы ұсынылады:

«Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан тиесілі. Олар абсолютті және оны ешкім айыра алмайды. Қазақстан Республикасының қолданыстағы  құқықтық оның мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады».

14-баптың 3-тармағына маңызды толықтыру енгізілу көзделіп отыр. Онда: «Қазақстан Республикасы азаматының өз азаматтығына орай құқықтары мен міндеттері бар» делінген.

Азаматтық адамның мемлекет пен Конституциялық құқықтық байланысын білдіреді. Бұл байланыс аясында тұрақты әрі үздіксіз қарым-қатынастар өрбіп, олардың өзара құқықтары мен міндеттері болады. Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституциялық құқықтық мәртебесіне сәйкес, оларда Конституцияда белгіленген құқықтардың, бостандықтар ымен міндеттері толық көлеміне жіне заң алдында тең болады», - деді Б. Нұрмұханов Конституциялық комиссияның кезекті отырысында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары