Ақтөбе – Орск автожолында 4 адам қаза тапты

/
Ақтөбе – Орск автожолында 4 адам қаза тапты
Ақтөбе облысы ПД

Қарғалы ауданында болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Ақтөбе–Орск автожолында Opel маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, DAF маркалы жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Қазір оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеуде, болған жағдайдың барлық мән-жайы мен себептері анықталуда.

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға, сондай-ақ қарсы қозғалыс жолағына шығуға жол бермеуге шақырады. Мұндай әрекеттер көбіне ауыр зардаптарға әкеп соқтырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары