Конституциялық реформа еліміздің әлеуетін нығайтатыны анық – Үкімет басшысы

/
Конституциялық реформа еліміздің әлеуетін нығайтатыны анық – Үкімет басшысы
Ақорда

Үкімет елімізді ауқымды жаңғыртуға бағытталған мақсат-міндеттерді тиімді жүзеге асыруға бар күш-жігерін салуға дайын, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында конституциялық реформаның маңызын атап өтті.

«Құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сіз жариялаған конституциялық реформа еліміздің әлеуетін нығайтып, жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық реформалардың сапасын арттыратыны анық. Сондай-ақ ол жаңа сын-қатерлерге бейімделуге мүмкіндік береді.

Сіз Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында орнықты әрі сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттерді айқындап бердіңіз.

Үкімет елімізді ауқымды жаңғыртуға бағытталған мақсат-міндеттерді тиімді жүзеге асыруға бар күш-жігерін салуға дайын», — деді Олжас Бектенов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары