Танымал «Жігіттер» тобының мүшесі, әнші Ердос Қанаев Алматыдағы ерекше қажеттілігі бар жандарды емдеу орталығына барып, көпшіліктің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Осы жандарды қуанту үшін келген едім. Жәй, бір сәтке тоқтаңызшы. Мына қым-қуыт арпалысқан тіршілік тек өзін қуалаумен уақытымызды ұрлап жатқан жоқ па?
Кейде өзге жанның бір сәтке шынайы қуанғаны, саған алғысын айтқаны жаныңа мың жылдық рахат сыйлағандай. Бұл жерге Алла разылығы үшін келесің, қоржыныңа тәубе мен шүкірді толтырып қайтасың. Келіңіздер. Рас айтам!», - деп жазды өнер иесі.