ШҚО-да екі баланы құтқарып қалған мұғалім марапатталды

/
ШҚО-да екі баланы құтқарып қалған мұғалім марапатталды
ШҚО ТЖД

Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әріновтің бұйрығымен көрсеткен ерлігі үшін Соловьёво ауылындағы орта мектептің педагогы Рулан Сеитов «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен наградталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Награданы оған Шығыс Қазақстан облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Фархат Әміре табыс етті.

Еске сала кетейік, 18 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының  Соловьёво ауылында Рулан Сеитов өзінің үйінің ауласында шаруашылық жұмыстарымен айналысып жүріп, көршісінің үйінің шатырынан түтін шығып жатқанын байқаған. Ол ойланбастан көмекке ұмтылды. Кіреберіс есікті ашқан кезде үйдің іші қатты түтінге толы болғандықтан, есік арқылы кіру мүмкін болмады. Рулан үйді айналып өтіп, екінші жағынан сынған терезені байқады, терезе маңында тұрған екі баланы көріп, түтінге толы үйден терезе арқылы таза ауаға шығарады. Далада қатты аяз болғандықтан, ол балаларды өз үйіне алып барды.

Өңір тұрғындары мақтан тұта алатын, азаматтық жауапкершілік пен ерліктің нағыз үлгісін көрсеткен батырдың батыл және шешуші әрекеттерінің арқасында балалар құтқарылды.  

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары