Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасының 31-бабының 2-тармағына толықтыру енгізілгенін атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Қазақстанда волонтерлелік қозғалыс белсенді дамып келеді. Комиссия мүшелері мен волонтерлерлік ұйымдар – елдің шынайы патриоттары. Жасампаз және өзекті мәселелерге бей-жай қарамайтын жастар қоғам игілігі үшін еңбек етіп жүргеніне назар аударып жатыр.
Биыл әлемде халықаралық волонтерлер жылы ретінде атап өтілуде.
Өздеріңізге белгілі, бұл бастаманы Мемлекет басшысы БҰҰ Ассамблеясының 75-інші сессиясында жария еткен болатын. Комиссия қарауына волонтерлерлік қызметті Конституциялық деңгейде бекіту туралы ұсыныстар түсті.
Волонтерлік қызмет туралы заңды азаматтардың ақысыз, ерікті көмегінің , мұқтаж адамдарға қажеттігін, қоршаған ортаны қорғаудағы маңызын ескере отырып, бұл ұсыныс қолдау тапты.Жобаның 31-бабының 2-тармағына: "Қазақстан Республикасында ерікті әлеуметтік сақтандыру, өзге де әлеуметітік қамсыздандыру түрлері, волонтерлік қызмет пен қайырымдылық қолдау табады" деген толықтру енгізілді», - деді ол Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның оныншы отырысында.