Бүгін қатты жел салдарынан Сарысу ауданы Жаңатас қаласындағы бірқатар көпқабатты тұрғын үйдің шатыры ұшып, электр желілері бүлінді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Анықталғандай қатты желдің салдарынан 3 үйдің шатыры толық, 7 үйдің шатыры жартылай, сондай-ақ жеті кәсіпкерлік нысанының шатыры бүлінген. Шамамен 2 шақырым электр тоғы үзілген. Зардап шеккендер жоқ. Коммуналдық желілер штаттық режимде жұмыс істеп тұр, әлеуметтік нысандарға зақым келмеген.
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жаңатасқа арнайы барып, жағдаймен танысқанын айтты.
Аудандық деңгейде төтенше жағдай жарияланды.
«Зерделеу жалғасуда. Апат салдарын жоюға тиісті қаржы қарастырылатын болады. Қажетті көмектің барлығы көрсетіледі.
Аудан әкімдігі мен төтенше жағдай департаменті, жауапты басқармаларға қалпына келтіру жұмыстарына жедел кірісуді тапсырдым. Жұмыс бүгіннен басталады», - деп жазды облыс әкімі.