Ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Астана әкімдігі мәлім етті.
«2026 жылғы 6 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, бүгін елордада жауған қалың қар елордалықтарды әбігерге салды.