Өзін қандас деп таныстырған ауғанстандық Павлодарда мемлекет қаржысына пәтер алған

/
Өзін қандас деп таныстырған ауғанстандық Павлодарда мемлекет қаржысына пәтер алған

Павлодар облысында қылмыстық жолмен сатып алынған мүлік мемлекет кірісіне қайтарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Павлодар облысының прокуратурасы хабарлағандай, бұл шешім қандастарды көшіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында қаражатты жымқыру туралы қылмыстық іс аясында қабылданған.

Тергеу барысында Ауғанстан азаматы өзін қазақ ұлтына жататыны туралы көрінеу жалған мәліметтер мен қолдан жасалған құжаттарды ұсыну арқылы әлеуметтік төлемдерді заңсыз алғаны анықталған.

Алынған қаражатқа құны 20 млн теңге болатын пәтер сатып алынған. Қылмыстық табысты заңдастырудың алдын алу мақсатында прокуратура сотқа жылжымайтын мүлікті тәркілеу туралы өтінішхатпен жүгінген.

Сот талапты қанағаттандырып, пәтерді мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім қабылдады. Алайда сот актісі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр және қылмыстық қудалау органдарының өндірісінде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары