Ерлан Қарин: Қазақ тілі кеңсе тіліне айналуы үшін ең алдымен заңдарымыз, әсіресе Ата Заңымыз мемлекеттік тілде дұрыс жазылуға тиіс

/
Ерлан Қарин: Қазақ тілі кеңсе тіліне айналуы үшін ең алдымен заңдарымыз, әсіресе Ата Заңымыз мемлекеттік тілде дұрыс жазылуға тиіс
Конституциялық сот

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституциялық комиссияның сегізінші отырысында Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру тіл мәселесін ту етіп ұрандатудан емес, тыңғылықты шаруаны талап ететін күрделі жұмыстан басталатынын атап өтті, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Осы күндері әлеуметтік желіде Сәкен Сейфуллиннің «Кеңсе тілі қазақша болмай іс оңбайды» деген сөзін жиі кездестіріп жүрмін. Дұрыс. Бірақ, қазақ тілі кеңсе тіліне айналуы үшін ең алдымен заңдарымыз, әсіресе Ата Заңымыз мемлекеттік тілде дұрыс, түсінікті, ұғынықты жазылуға тиіс.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру тіл мәселесін ту етіп ұрандатудан емес, ең алдымен, осындай көзге көріне бермейтін, күнделікті, тыңғылықты шаруаны талап ететін маңызды, күрделі жұмыстан басталады.

Жаңа конституцияның мәтінінде Конституциялық құрылыстың негіздері деп аталатын бірінші бөлімнің 3-бабында жауапты әрі жасампаз, отаншылыдық идеясын орнықтыру деген негізгі қағидат келтірілген. Яғни мұндай елдік істерге ақылмен, сындарлы көзқараспен , нақты жұмыспен, жасампаздықпен кірісу маңызды», - деді Мемлекеттік кеңесші. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары