Түркістан облысында алтынды заңсыз өндірген 12 адам анықталды

/
Түркістан облысында алтынды заңсыз өндірген 12 адам анықталды
istockphoto.com

Түркістан облысы Созақ ауданында алтын құрамды учаскелерін өз бетінше игерумен айналысқан тұлғалар тобы анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеру барысында 12 тұлға рұқсат құжаттарынсыз, экологиялық заңнаманы және өндірістік қауіпсіздік талаптарын бұза отырып, шамамен 451 грамм алтынды заңсыз өндіргені анықталды.

Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 295-1-бабы 1 және 3-бөліктерінде көзделген құқық бұзушылық белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Күдікті тұлғаларға қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, 5  күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Прокуратура заңсыз пайдалы қазбаларды өндіру экологияға елеулі қауіп төндіретінін, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретінін және қылмыстық жауаптылыққа әкелетінін ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары