Абай облысында 50 жұмысшы мінген автобус аударылған

/
Абай облысында 50 жұмысшы мінген автобус аударылған
istockphoto.com

31 қаңтарда Семей–Қайнар автожолының 62-шақырымында вахталық жұмысқа бара жатқан 50 адам мінген автобус аударылып кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Полицияның мәліметінше, оқиға сағат 10:30-да Знаменка ауылы маңында болған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 52 жастағы жүргізуші басқарған SETRA маркалы жолаушылар автобусы жолдан шығып кетіп, кейін бүйіріне аударылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушылар өміріне қауіп төндірмейтін дене жарақаттарын алған. Барлық зардап шеккендерге уақтылы қажетті медициналық көмек көрсетілді.

Аталған факт бойынша полиция тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда.

Полиция департаменті жүргізушілерді белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауға, жол және ауа райы жағдайларын ескеруге, сондай-ақ қыс мезгілінде қала сыртындағы жолдарда ерекше сақтық танытуға шақырады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары