Петропавлдық өнерпаздар Түркиядағы жарыста топ жарды

/
Петропавлдық өнерпаздар Түркиядағы жарыста топ жарды
СҚО әкімдігі

«Sensitive» би театры Стамбул қаласында (Түркия) өткен ART-фестивалінде 1 Супер Гран-при, 2 Гран-при және 1 бірінші орынды қанжығасына байлады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыс әкімі ұжымды тамаша өнер көрсетуімен құттықтады.

«Sensitive» би театры халықаралық сахнада өңіріміздің намысын абыроймен қорғап шықты. Бұл жеңіс бишілермен ұжым жетекшісі Ольга Ростовщикованың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Алдағы уақытта ұжымға жаңа шығармашылық идеялар мен үлкен жетістіктер тілеймін!», - деп жазды өңір басшысы әлеуметтік парақшасында.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары