Қазақстанда сталкинг үшін айыппұл мен қамау жазасы қарастырылған – ІІМ

Қазақстанда сталкинг үшін айыппұл мен қамау жазасы қарастырылған – ІІМ
istockphoto.com

ІІМ азаматтардың жеке өмірі мен қауіпсіздігі заңмен қорғалатынын, ал аңду, қайта-қайта мазалау қылмыс екенін еске салады, деп хабарлайды turkystan.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Қайта-қайта қоңырау шалу, хабарлама жіберу, әлеуметтік желілер арқылы бақылау, адамның еркінен тыс ізіне түсу – сталкинг. Бұл әрекеттер адамның қауіпсіздігіне және психологиялық жай-күйіне тікелей қауіп төндіреді. ҚР Қылмыстық кодексінің 115-1-бабына сәйкес, сталкинг фактісіне заңмен қатаң жауапкершілік көзделген. Аталған бапқа сәйкес, 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынып, 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту көзделген", - делінген жазбада.

Сондай-ақ 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

"ҚР Конституциясы әрбір азаматтың жеке өміріне қол сұғуға болмайтынын және қауіпсіздік құқығын қорғауға кепілдік береді. Заң бұзушылық – міндетті түрде жауапкершілікке әкеп соғады. Өзге адамның "Жоқ" деген жауабына міндетті түрде құрметпен қарау міндеттелген.​Егер сізге немесе жақындарыңызға қатысты қудалау, аңду, жүйелі түрде мазалау әрекеттері орын алса, үнсіз қалмаңыз дереу 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласыңыз", - делінген жазбада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары